Шымкентте жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша ер адам интернет мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырған.
Анықталған жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан.
"Түрлі сылтаумен сөйлесу барысында ол жасөспірімнен интим сипаттағы суреттер мен бейнежазбаларды жіберуді сұраған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.