Сиыр етінің бағасы қанша? Министрлік ішкі нарық пен экспорттағы құнын атады

Қаракөз Амантай 24 ақп. 2026 15:23

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы сиыр етінің ішкі және экспорттағы бағасын атады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ішкі нарықта ірі қара малдың килограмы 1,6–1,8 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Бұрын бұл көрсеткіш 2 мың теңгеге дейін көтерілген еді, ал қазір орташа баға шамамен 1,7 мың теңге деңгейінде қалыптасқан.

Оның сөзінше, ішкі нарықтағы көтерме құн килограмына шамамен 3–4 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар Сапаров мал шаруашылығын жедел дамыту үшін фермерлер экспорттық баға әлдеқайда жоғары болуы керек деп есептейтінін айтты. Аграршылардың пікірінше, тиімді экспорттық баға килограмына 10–12 мың теңге деңгейінде болуы тиіс.

Алайда министрдің мәліметінше, қазіргі нақты экспорттық баға еттің санаты мен малдың қоңдылығына қарай 4,5 мыңнан 6 мың теңгеге дейін өзгеріп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove