Қазақстанда цифрлық майнингпен айналысатындарға арналған тауарлық газдың көтерме бағасының шекті көлемі белгіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Энергетика министрі қол қойған бұйрыққа сәйкес, ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудадағы шекті бағалары белгіленді. Ол 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арнала отырып, іске қосылады.
"Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларын бекітілсін", делінген құжатта.
№ | Аймақтар | Газдың 1000 текше метрі, ҚҚС-ті қоспағанда, теңге |
1 | Астана | 72 846 |
2 | Алматы | 76 686 |
3 | Шымкент | 71 122 |
4 | Ақмола облысы | 72 846 |
5 | Ақтөбе облысы | 54 933 |
6 | Алматы облысы | 76 686 |
7 | Атырау облысы | 41 993 |
8 | Батыс Қазақстан облысы | 55 365 |
9 | Жамбыл облысы | 70 639 |
10 | Жетісу облысы | 76 686 |
11 | Қарағанды облысы | 72 846 |
12 | Қостанай облысы | 62 951 |
13 | Қызылорда облысы | 59 179 |
14 | Маңғыстау облысы | 57 649 |
15 | Түркістан облысы | 71 122 |
16 | Ұлытау облысы | 72 846 |
17 | Шығыс Қазақстан облысы | 13 069 |