Freedom Inside '26

Қазақстандағы ең көп таралған тектер белгілі болды

Қазақстандағы ең көп таралған тектер белгілі болды
ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы елдегі ең кең таралған тектердің тізімін жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Статистикаға сәйкес, Қазақстанда ең көп кездесетін тек – Серік. Бұл текті 56 мыңнан астам адам алып жүр.

Ең көп таралған тектер қатарына сондай-ақ Марат, Ахметова, Ким және Амангелді де енген.

Алматыда жағдай өзгеше

Ірі қалалар арасынан Алматы ерекше көзге түседі. Мұнда ең көп таралған тек Ким болып шыққан.

Ресми мәлімет бойынша, Алматыда бұл текті 9 548 тұрғын алып жүреді.

Ең сирек тектер де аталды

Сонымен қатар статистикада Қазақстанда небәрі бір рет қана кездесетін сирек тектер де көрсетілген.

Олардың қатарында Мукеш, Гончигсурэн, Нованқызы және басқа да бірегей тектер бар.