Freedom Inside '26

Ақнәрдің өліміне қатысты істе әзірге ешкім күдікті деп танылмады - ІІМ

Ақнәрдің өліміне қатысты істе әзірге ешкім күдікті деп танылмады - ІІМ
ашық дереккөз

22 жастағы Ақнәр Гүлстанның қазасына қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы Сенат дәлізінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, істі тергеуге аса маңызды істер жөніндегі тәжірибелі тергеуші тартылған. Сонымен қатар, сараптама қорытындылары мен қылмыстық іс материалдарының бір бөлігі халықаралық тергеу тапсырмасы аясында Қытайға жолданған.

Санжар Әділовтің сөзінше, қазір ІІМ Қытай тарапынан жауап күтіп отыр. Тергеу барысында әзірге ешкім күдікті деп танылмаған.

Еске салайық, Ақнәр Гүлстан 2024 жылы 20 шілдеде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жетінші қабаттың терезесінен құлап көз жұмған еді.

Марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Олар бұл оқиғаны адам өлтіру және азаптау деректері бойынша тексеруді талап етіп келеді.