Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында квадроциклмен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 24 жастағы ер адам қаза тапты», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.
Оқиғаның нақты себептері мен жағдайлары тергеу барысында белгілі болады.