Freedom Inside '26

Қазақстанда Abu Dhabi Commercial Bank-тің еншілес банкі ашылады

Қазақстанда Abu Dhabi Commercial Bank-тің еншілес банкі ашылады
ашық дереккөз

Қазақстанда Abu Dhabi Commercial Bank-тің еншілес банкі ашылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол Abu Commercial Bank (Kazakhstan) атауын алған, тіркеу биыл сәуір айында өткен. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, жаңа банк исламдық қаржыландыруды "исламдық терезе" тетігі арқылы дамытуды жоспарлап отыр. Бұл елдің қаржы нарығында баламалы қаржы құралдарының қолжетімділігін арттырады.

Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (ADCB) - Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі банктердің бірі. Оның негізгі акционері - Абу-Даби үкіметіне тиесілі Mubadala Investment Company инвестициялық қоры.