Швейцария ұшағы Қазақстан үстінде дабыл белгісін беріп, Алматыға шұғыл қонды

Швейцария ұшағы Қазақстан үстінде дабыл белгісін беріп, Алматыға шұғыл қонды
ашық дереккөз

Швейцарияның SWISS әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Қазақстан аумағында дабыл белгісін беріп, Алматы әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Airbus A350 ұшағы Сеул қаласынан Цюрихке бағыт алған. Алайда Қарағанды облысының үстімен ұшып бара жатқан кезде экипаж Squawk 7700 кодын жіберген. Бұл код әдетте әуе кемесінде төтенше жағдай туындағанын білдіреді.

Сол сәтте лайнер шамамен 11,6 мың метр биіктікте болған.

Дабыл белгісінен кейін ұшқыштар бағытты өзгертіп, ұшақты Алматыға бұрған. Әуе кемесі әуежайға сәтті қонып, кейін арнайы тұрақ аймағына жеткізілген.

Рейс барысында нақты қандай жағдай болғаны әзірге хабарланған жоқ.