Стоматологиядағы жалған есеп: 300 млн теңге жымқырылған

Көркем Алдабергенова 15 сәу. 2026 11:29

Қазақстанның оңтүстігінде стоматология саласында жүздеген миллион теңгеге қатысты қаржы жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркістан облысы прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында мемлекеттік және жекеменшік клиникаларда өрескел заңбұзушылықтар әшкереленді.

Анықталған деректерге сәйкес:

  • Бір жекеменшік клиника тиісті лицензиясыз-ақ 28 мыңнан астам медициналық кеңес “көрсеткен”. Құжат жүзінде офтальмологтан бастап онкологқа дейінгі қызметтер рәсімделген. Осылайша мекеме заңсыз түрде 91 млн теңге алған.
  • Өзара байланысты екі клиника жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілді деп 40 мың жалған стоматологиялық қызметті тіркеп, 203 млн теңгені негізсіз иемденген. Тергеу мәліметінше, бір стоматолог бір мезетте бірнеше жерде ондаған науқасты “қабылдаған” болып көрсетілген.

Аталған фактілер бойынша алаяқтық белгілерімен іс материалдары сотқа жолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove