Степногорскте 2 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқығы бұзылған

Көркем Алдабергенова 18 сәу. 2026 09:02

Степногорск қаласының прокуратурасы жергілікті кәсіпорындарда тексеру жүргізіп, қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеру барысында жұмысшыларға міндетті әлеуметтік демалыстар берілмегені белгілі болды. Атап айтқанда, медициналық тексеруден өтуге, жүктілік бойынша есепке тұруға, жүктілік және босану демалысына, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ оқу демалысына қатысты құқықтар сақталмаған.

Сонымен қатар бұл кепілдіктер еңбек және ұжымдық шарттарда көрсетілмеген. Ал бұл – заң талаптарына қайшы.

Салдарынан 2 298 қызметкердің құқығы бұзылған.

Прокуратураның араласуынан кейін заңбұзушылықтар жойылып, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove