ШҚО-дағы "Қазцинк" зауытындағы жарылыстың негізгі нұсқалары айтылды

ШҚО-дағы "Қазцинк" зауытындағы жарылыстың негізгі нұсқалары айтылды
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысындағы "Қазцинк" зауытында болған жарылысқа қатысты негізгі нұсқалар белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқиғаға байланысты 10-нан астам сот сараптамасы тағайындалған.

“Қазіргі таңда бірнеше негізгі нұсқа қарастырылып жатыр. Оның бірі – технологиялық процестің бұзылуы. Екіншісі – еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы”, – деді Әділов.

Министр орынбасарының сөзінше, еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Аталған бап бойынша кінәлілерге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Қазцинк кәсіпорны аумағындағы шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, арты өртке ұласқан, кейбір жерлер ішінара опырылған. Салдарынан екі адам қаза тапты. 

Қазір үйінділерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Казцинктегі» жарылыстан кейін зиян заттар ауаға тараған