Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде жүріп келе жатқан көліктің терезесінен денесін шығарған жолаушылардың бейнежазбасы тараған. Қауіпті әрекет полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады.
Тәртіп сақшылары бейнежазбадағы азаматтарды анықтады. Нәтижесінде көлік жүргізушілері де, жол үстінде өз өміріне қауіп төндірген жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.