ШҚО-да жоғары лауазымды судья ұсталды

ШҚО-да жоғары лауазымды судья ұсталды
ЖИ: Dalanews.kz

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы ұсталды. Ақпаратты Жоғарғы сот растады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, судья бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкім шығару үшін 40 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталу фактісі ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен операциясы барысында анықталған.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы мүдделі тараптың пайдасына оң шешім шығару үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Қазір аталған іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.