Солтүстік Қазақстан облысының Благовещенка ауылында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 66 жастағы ер адам өз анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Көршілердің айтуынша, 89 жастағы әйел ұлын картоп қазуға көмектесуге шақырған. Алайда арада біраз уақыт өткен соң қарт ананың денесі ұлының үйінің ауласынан табылған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Кейбір мәліметтерде қылмыс кезінде балта қолданылғаны айтылып отыр.
Полиция күдікті ретінде 66 жастағы ер адамды ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Полицейлер Благовещенка ауылының 89 жастағы тұрғынының өліміне байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда, – деп хабарлады полиция.
Ресми түрде расталмаған ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтың бұрын психикалық денсаулығына қатысты мәселелері болған болуы мүмкін. Алайда бұл мәлімет әзірге құқық қорғау органдары тарапынан расталған жоқ.