Қазақстан Республикасы күніне орай Нью-Йорктің қақ ортасында Қазақстан Туы көтерілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
22 қазанда Уолл-стрит көшесінде, әйгілі Charging Bull бұқасының мүсіні жанында Қазақстан Туын көтеру рәсімі өтті.
Іс-шара 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай ұйымдастырылды.
Айта кетейік, бұл - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке. 1990 жылы осы күні Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді.