ШҚО-да қауіпті әрекет жасаған жүргізуші мен жолаушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада жеңіл көліктің қозғалысы кезінде жолаушы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып, денесін көліктің терезесінен шығарып отырғаны көрінеді. Бұл әрекет өзінің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген.
Тексеріс барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды жедел анықтады. Chevrolet Cobalt көлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жазаланды.
Сондай-ақ, қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы да заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.