СҚО-да "мектепке қарулы шабуыл жасалады" деген хабар жұртты шошытты

Сағыныш Сардарова 24 ақп. 2026 15:32

Петропавлда қаладағы оқу орындарының біріне қарулы шабуыл жасалатыны жөнінде жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқушы Telegram арна ашып, "облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалады" деген мазмұнда хабарлама жариялаған.

Сонымен қатар, қауіптің алдын алу үшін ақша аударуды талап еткен. Ақпаратты жариялағаннан кейін ол бұл хабарламаны оқушыларға мессенджер арқылы таратып жіберген.

"Кәмелетке толмаған жасөспірім 2024 жылға дейін осы білім беру мекемесінде оқыған. Ол өз әрекетін "әзілдегім келді" деп түсіндірген. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

ІІМ өкілдері жалған терроризм актісі туралы хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove