СҚО-да Ассамблея кеңесі өтті: Рашбиль Евдаев жаңа орынбасар болып сайланды

СҚО-да Ассамблея кеңесі өтті: Рашбиль Евдаев жаңа орынбасар болып сайланды
Бүгін өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бүгін өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz 

Жиын барысында өңірлік Ассамблеяның атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.

"Өңірде мерейтойлық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, мазмұндық жағына көп көңіл аудару қажет. Негізгі басымдық – этносаралық достық пен келісімді нығайтатын, қоғамды біріктіретін бірегей институт ретіндегі Ассамблеяның рөлін кеңінен насихаттауға берілмек. Облыста барлық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен 36 түрлі форматтағы іс-шара өткізу жоспарланған", - деп атап өтті облыс әкімі.

Кеңес отырысында этномәдени бірлестіктер атынан облыстық Ассамблея төрағасының жаңа қоғамдық орынбасары сайланды. Бұл қызметті Рашбиль Евдаев атқарады, ол Алексей Ханның орнын басты.

Сонымен қатар, салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан қоғам өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған естелік медальдармен марапатталды.