Спорттағы беделін пайдаланып, жастарды ауыр қылмыстарға тартқан: бір өңірде 20 адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 31 нау. 2026 14:21

Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ мәліметінше, топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, спортты қолдау, дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқаны анықталған.

"Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қабылданған шаралар мен жедел әрекеттер нәтижесінде 20 адам ұсталды. 47 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан атыс қарулары және суық қарулар, оқ-дәрілер, көліктер, ірі көлемдегі ақша, оның ішінде шетел валютасы, сондай-ақ, қылмыстық істер үшін маңызы бар өзге де заттай дәлелдер тәркіленді", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove