SpaceX акцияларын сатылымға шығармақ: компания $75 млрд тартуды жоспарлап отыр

SpaceX акцияларын сатылымға шығармақ: компания $75 млрд тартуды жоспарлап отыр
Фото: Reuters/Pixstream

Америкалық ғарыш компаниясы SpaceX өз акцияларын алғаш рет қор нарығына шығаруға дайындалып жатыр. Reuters агенттігінің мәліметінше, компания IPO (акцияларды бастапқы жария орналастыру) арқылы шамамен 75 миллиард доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір акцияның бағасы 135 доллар болуы мүмкін. Егер жоспар жүзеге асса, компанияның жалпы нарықтық құны 1,75 триллион долларға жетеді.

Егер SpaceX көздеген қаражатты тарта алса, бұл кейінгі жылдардағы ең ірі инвестициялық мәмілелердің бірі болады.

Тартылған қаржының бір бөлігі спутниктік интернет қызметін дамытуға, жасанды интеллект жобаларын қаржыландыруға және жаңа технологиялық бастамаларды іске асыруға жұмсалмақ.

Айта кетейік, SpaceX компаниясының негізін қалаған Илон Маск бұған дейін компанияны ұзақ уақыт бойы жабық форматта ұстап келген еді. Енді оның қор нарығына шығуы әлемдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр