Сотта видео көрсетілді: Белғожаев марқұм Шерзатқа соққы жасаған сәтін түсіндірді

Қаракөз Амантай 16 мам. 2025 17:00 534

Талғардағы атышулы іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында сотталушы Шыңғыс Белғожаевтың марқұм Шерзат Болатты ұрған сәті бейнежазбадан көрсетілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай видеода Шыңғыс Белғожаевтың жерде жатқан Шерзат Болат пен Нұрқанат Ғайыпбаевқа бірінші болып жақындағанын айтты. Белғожаев бұл жайтты растап, марқұм Шерзатқа соққы жасағанын мойындады.

Мен барған кезде марқұм Шерзат отырды. Мен сол кезде ұрдым, - деді Шыңғыс Белғожаев.

Мен ол кезде шатастырып соқтым.

- Не істеп шатастырып соқтыңыз?

- Мен мылтық атқан сақалдыны ұрайын деп барғанмын. Кейін видеодан көргенімде шатастырып, Шерзатты ұрғанымды байқадым.

- Сотталушы, ол жерде екеуі (Шерзат Болат пен Нұрқанат Ғайыпбаев) екеуі түрлі киімде. Шерзат Болат қызыл киімде болған. Ғайыпбаев қара киімде болған. Қалай қара түс пен қызыл түсті шатастыруға болады?

Сотта оқиға болған күні Шерзатты ұрған сәт көрсетілді. Видеода оқиға орнындағы адамдар жедел жәрдем шақыруды сұрап, айғайлап жатыр. Видеода бір топ адам екі адамды соққының астына алып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар