Солтүстік Кипрде қазақстандық қызға супермаркетте шабуыл жасалған

Солтүстік Кипрде қазақстандық қызға супермаркетте шабуыл жасалған
t.me/kriminal_kazakhstan

Солтүстік Кипрдің Никосия қаласындағы Metropol Market супермаркетінде 22 жастағы Қазақстан азаматына пышақпен шабуыл жасалған. Қыз ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға 3 тамызда шамамен сағат 11:45-те болған. Белгісіз ер адам қызға пышақпен шабуыл жасап, кейін өзіне де жарақат салған.

Екеуі де мемлекеттік ауруханаға жеткізілген, дәрігерлердің бақылауында.

Кейбір жергілікті БАҚ күдікті қыздың бұрынғы жігіті болуы мүмкін екенін жазды. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Қазір шабуылдың себебі анықталып жатыр.