Қостанайлық AFC Allur футбол клубы SOCCA Champions League 2025 сайысында қола медаль иеленіп, Қазақстанның даңқын асырды. Турнир 17 және 20 қазан аралығында Грекияның Ретимно қаласында өтті. Оған 4 құрлық және 35 ел, 80 қаладан жиналған 106 команда қатысты.
– Польшалық FC Lowcy-мен тең ойын (3:3);
– ACS Dream Team Gorj (Румыния) командасын 4:0 және San Antonio (Грекия) командасын 2:1 есебімен жеңді.

Плей-офф кезеңінде команда жоғары ойын деңгейін көрсетті:
– 1/16 финалда екі дүркін чемпион атанған Victory (Хорватия) командасын 3:0 есебімен;
– 1/8 финалда Archivarul (Румыния) командасын 4:2 есебімен;
– Ширек финалда буллиттердің отты сериясында Венгрияның үздік клубы The Private Rooftop-ты 0:0 (буллиттер бойынша 2:1) есебімен шаң қаптырды.

Дәл осы мачты комментаторлар "SOCCA тарихындағы ең керемет буллиттер сериясы" деп атаған. Кездесуде қақпашы Еркінбек Ақбұлан қарсылас команда ойыншыларымен 6 рет бетпе-бет келіп, 5 соққыны қайтарды. Осылайша қазақстандық қақпашы ойынның жұлдызы атанды.

Жартылай финалда AFC Allur германиялық Eintracht Spandau клубымен кездесіп, ойын бойы айқын басымдық танытты. Алайда қарсыластың жалғыз контршабуылы мен алаңдағы алтыншы ойыншының қауіпті шабуылынан кейін 0:2 есебімен есе жіберді.

Румыниялық Tazmannschaft клубына қарсы үшінші орын үшін талас нағыз триллерге айналды.

Диас Егінжанов, Олжас Тайбасаров пен Александр Сергейчуктың голдары есепті теңестірді (3:3). Ал шешуші буллиттер сериясында Ақбұлан тағы да көзге түсіп, қарсыластың 4 соққысын да қайтарды. Ал шешуші соққыны Ғалым Райханов жасап, Қазақстан қолаға қол жеткізді.
Турнир қорытындысы бойынша Еркінбек Ақбұлан әлемнің үздік қақпашысы атанды.

AFC Allur SOCCA Champions League турнирінде былтыр да қола иеленген еді. Ал 2023 және 2024 жылдары Испанияда өткен футзалдан әлем біріншілігінде жеңімпаз және күміс жүлдегер атанған.

2026 жылы AFC Allur клубы 10 жылдығын атап өтеді. Келер жылы клуб базасында SOCCA-дан Еуропа Чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасын жасақтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Қазақстандағы SOCCA 6х6 ресми чемпионаты – Astana Futbol Ligasy-да да ойындар өткізеді.
AFC Allur – жоспарлы жұмыс пен бизнестің қолдауы қазақстандық жігіттердің арманын шындыққа айналдыра алатынын, ал еліміздің туы биікте желбірейтінінің айқын көрінісі.

AFC Allur құрамындағы ойыншылар:
– Алексей Забогонский
– Нұрәлем Байдулла
– Ақбұлан Еркінбек
– Исламбек Құлекенов
– Александр Кислицын
– Ғалым Райханов
– Ислам Нартбаев
– Нұрсұлтан Шабданов
– Александр Сергейчук
– Диас Егінжанов
– Анарбек Мелісбек
– Олжас Тайбасаров
– Нұргелді Шакен
– Мақсат Өтегенов
Бас жаттықтырушы: Данияр Кенжеғұлов
Команда жетекшісі: Станислав О-Юн-Бем.
