Freedom Inside '26

Скверді жөндеу қымбатқа түсе жаздады: Павлодардағы жоба прокуратураның назарына ілікті

Скверді жөндеу қымбатқа түсе жаздады: Павлодардағы жоба прокуратураның назарына ілікті
ашық дереккөз

Павлодарда скверді жөндеуге қажет көлемнен үш есеге жуық көп плитка сатып алу жоспарланған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Павлодар қаласының прокуратурасы орталық скверді жөндеуге қатысты мемлекеттік сатып алу құжаттарын тексеру барысында заңбұзушылықтарды анықтаған.

Тексеріс нәтижесінде жобаға 25 мың шаршы метрден аса тротуар плитасын төсеу және дәл осындай көлемде құны 368 миллион теңгеден асатын бетон плиталарын сатып алу жоспарланған.

Сквердің жалпы аумағы - шамамен 25 мың шаршы метр. Алайда оның ішінде көгалдар, ағаштар, жасыл желек пен ашық жерлер де бар. Осылайша тротуар плитасына нақты қажеттілік 9 мың шаршы метрден аспайтыны анықталған.

Прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.