Сыйақымен қызықтырып, жұртты Wildberries-ке инвестиция жасатқан алаяқ Дубайдан ұсталды

Кәмшат Тілеухан 04 шіл. 2025 10:29

Ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Ол екі жыл бойы Дубайда бой тасалап жүрген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ол 2022–2023 жылдар аралығында Алматы қаласында Wildberries компаниясына инвестиция салуға шақырып, қомақты сыйақы да уәде етіп, алты азаматты алдап, олардың ақшалай қаражатын иемденген. Салдарынан жәбірленушілерге ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген. Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған", деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Ол 2025 жылы сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында. 

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделетінін ескерте кетелік.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар