Freedom Inside '26

Синоптиктер екі қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті

Синоптиктер екі қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті
ЖИ: Dalanews.kz

Қазгидромет екі қалада ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды dalanews.kz.

"20 маусымда Алматы қаласында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деді мамандар.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауадағы зиян заттар таралуына кедергі келтіретін кезең. Жыл басынан бері синоптиктер елдің түрлі қаласында бірнеше рет ауа сапасы нашарлағанын хабарлаған еді. Ауа сапасы адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді.

Мамандар мұндай күндері мүмкіндігінше сыртта аз жүруге, әсіресе, көлік көп жүретін жолдардың маңында ұзақ тұрмауға кеңес береді.