СІМ басшысына қатысты жалған ақпарат тарады: ресми қызметтердің мәлімдемесі

СІМ басшысына қатысты жалған ақпарат тарады: ресми қызметтердің мәлімдемесі
gov.kz
СІМ басшысына қатысты жалған ақпарат тарады: ресми қызметтердің мәлімдемесі

Telegram-да сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиев ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы орайда мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Гүлнар Бажкенованың ("Orda" және "Bazhkenova vs.") ресурстарында таратылған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Орталық ресми мәлімдейді: әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады. Азаматтарды сақ болуға және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырамыз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату және оның таралуына жәрдемдесу үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін қарастырылғанын еске саламыз", - деп жазылған хабарламада.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров та пікір білдірді.

"ҚР Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз", - деді ол.