2026 жылы шілдеде қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Астана күні (6 шілде) биыл дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан демалады:
- 4 шілде - сенбі, демалыс күні;
- 5 шілде - жексенбі, демалыс күні;
- 6 шілде - Астана күніне байланысты демалыс.
Осылайша, қазақстандықтар 4-6 шілде аралығында қатарынан үш күн демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін кесте мынадай болады:
- 4 шілде - жұмыс күні;
- 5 шілде - демалыс күні;
- 6 шілде - мерекелік демалыс.
Биыл шілдеде бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күні болады.