Қашықтығы 60 шақырым болатын «Күршім-Қалжыр» облыстық автожолының учаскесінде екі ауысымда 24 техника жұмыс істеп, автокөліктің еркін жүруіне жол ашты.
Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округіндегі қар жамылғысының қалыңдығы кейбір жерлерде үш метрге жетеді. Қаңтар айының басында кейбір елдімекендер қар құрсауында қалған болатын.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, қазіргі уақытта «Марқакөл - Ұрынқай – Төсқайың» тасжолының учаскесі де тазартылып, Шағанатты ауылына апаратын жолды қардан тазарту жұмыстар аяқталып қалды.
Ал Балықты Бұлаққа апаратын жолды тазарту жұмыстары басталды. Жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетуге ТЖД, ЖК және АЖ басқармалары, ОблШығысЖол кәсіпорындарыгың техникалары жіберілген.

Бұдан басқа, жаңбырдан кейін қар массасы мұзға айналып, тазарту жұмыстарын қиындатқан. Алайда, оған қарамастан, жұмыстар тоқтатусыз жүріп жатыр.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша оның бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың басшылығымен арнайы мобильдік топ қар тазалау техникасын қайда жіберу керектігін түсіну үшін өңірдегі неғұрлым күрделі жағдай қалыптасқан қарлы аумақтарды аралап ұшып шықты.