Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталған.
"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.
Бұл жайт бойынша "адам өлтіру", "бұзақылық" және "адамды ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалған.
"Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында Полиция департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаны хабарланды.
