Мектепте физика пәніне сабақ беретін Гүлназ Сертаеваның еңбек өтілі 10 жыл. Осы жыл аралығында талай белесті бағындырып, шәкірттеріне білім нәрін беру жолында түрлі тәсілдерді қолдану үшін ізденіп жүреді.
Шәкірттерін ғылым жолына бағыттауды мақсат еткен Гүлназ Асылханқызы «Болашақ энаргиясы» тақырыбы бойынша күн сәулесінен электр қуатын алу жөнінде ғылыми жобаны бастаған. Аталған жоба негізінде оқушылары түрлі байқауларда топ жарып, жүлделі орыннан көрініп келеді.
Оқушысы Ақмаржан Құнанбай KazRoboSport-2017 Республикалық чемпионатының облыстық кезеңінде ғылыми жоба категориясында I-орын алған. Кейін «Өндірістік технологиялар және инжиниринг» атты IV Халықаралық конференциясы аясында үздік жобаларының көрмесінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.
2021 жылы «Халықаралық білім беру корпорациясы» және «Қазақ архитектура-құрыс академиясының» ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқауда 11 сынып оқушысы Арайлым Жумартова «Жылыжай өсімдіктерін суғаруды автоматтандыру» жобасы жоғары бағаланып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылы «Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясы Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика және астрономиядан ғылыми байқауында екі оқушысы Арайлым Жумартова мен Айгерім Жумартова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.
Тәжірибелі мұғалім өз ұжымында да үлкен абыройға ие. Білім саласындағы жетістіктері мен республикалық марапаты да аз емес. Балаларды жастайынан ғылымға баулыған ұстаз жас мамандарға үлгі, ұжымда абыройлы.