Шымкентте үш жасар бала 16 магнит жұтып қойған

Көркем Алдабергенова 18 жел. 2025 10:32

Шымкентте қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ойын барысында 16 магнитті жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл операция жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бала ауруханаға ішінің қатты ауырсынуына байланысты жеткізілген.

Тексеру барысында асқазанынан бөгде заттар анықталған. Дәрігерлер шұғыл эндоскопиялық операция жүргізіп, барлық магнитті сәтті алып шықты.

Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер өміріне төнген қауіпті дер кезінде жойғанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте ер адам бәстесемін деп 26 қалам жұтып қойған болатын.

Біраз уақыт өткен соң ер адам өз-өзін жайсыз сезініп, асқазан-ішек жолдары қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар