Шымкентте жүкті әйелдер жәрдемақы алу үшін жалған жұмысқа тұрған

Сағыныш Сардарова 10 қар. 2025 15:13

Шымкентте жүкті әйелдер жәрдемақы алу үшін жалған жұмысқа тұрған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокуратура мәліметінше, У.-дың заңсыз әрекеті әшкереленген. Ол жеке кәсіпкерлердің электрон цифрлық қолтаңба кілтін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорынға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталған.

"Осыдан кейін ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлем рәсімдеп, қаражатты өз қажетіне жұмсаған. Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн теңге көлемінде шығын келді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, әрі қарай тергеп-тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар