Шетелдіктер үшін Қазақстан азаматтығын алу жеңілдеді

Қаракөз Амантай 27 там. 2025 10:26

Қазақстанда азаматтық алу немесе қайта қалпына келтіру үшін тапсырылатын емтихан талаптарына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің жаңартылған бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атап айтқанда, азаматтық алу үшін міндетті үш пән бойынша шекті баллдар төмендетілді немесе өзгертілді:

  • Қазақ тілі бойынша ең төменгі шекті балл бұрынғы 36 балдың орнына 15 балл болып белгіленді;
  • Қазақстан Конституциясы бойынша керісінше, талап күшейіп, шекті балл 9-дан 20 балға дейін көтерілді;
  • Қазақстан тарихы пәнінен талап өзгеріссіз қалды — 15 балдан төмен болмауы тиіс.

Жаңартылған талаптар шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе оны қалпына келтіру үдерісін жеңілдетеді.

Айта кетейік, бұл өзгерістерді қамтитын бұйрықтың жобасы 2025 жылдың шілде айында "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар