Талдықорғанда өтіп жатқан сотта 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты жантүршігерлік кадрлар көрсетілді. Сотталушылардың бірі Дархан Әскентай марқұмның қансырап жатқан сәтіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот процесінде прокурор Ержан Құрақбаев «Шерзатты сол кезде кім ұрды?» деп сұрады.
"Мен жоғары көтеріліп бара жатқан кезде оны ешкім ұрмаған еді. Оның қасында тек бір бала болды. Шерзаттың жанына бір бала жатты, ол "скорый, скорый" деп айғайлады", - деп жауап берді Дархан Әскентай.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға «Жаңа видеоны көрдіңіз ғой. Нұрғанатты сол жаққа сүйреп әкетті. Оң жағында Шерзат болды. Сол кезде Шерзатты кім ұрды» деп қайта сұрақ қойды.
"Сүйреп әкеткен жоқ. Өйткені ол мылтықты оқтап жатқан кезде құлап қалды. Оны ешкім сүйреген жоқ. Мен кім ұрғанын білмеймін. Көрмедім", - деді ол.
Сонымен қатар Әскентай мылқтықты Шерзаттың ағасы Нұрғанат оқтағанын және екі мәрте атқанын атап өтті.
"Мен мылтықтың атылғанын көрдім. Қай жақтан шыққаным білмеймін, қасымнан, екі метр жерден Нұрғанаттың мылтығы атылды", - деп қосты ол.