Шенеунік парамен ұсталды

Dalanews 04 қар. 2016 14:12 940

Бірнеше рет пара алғаны үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Белгілі болғандай комитет төрағасы Хасенов бұрын министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Е. Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат беретін қылмыстық жүйені ұйымдастырған.

Сақташ Хасенов "белгіленген баға" бойынша жүйелі түрде пара алып отырған.

Осылайша, Қазақстан аумағына 1 000 тонна құс етін кедергісіз өткізуге рұқсат бергені үшін «Хладоленд» ЖШС басшыларынан 5 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен С. Хасенов пен Е. Решетько ұсталған.

Олар кінәларын толықтай мойындап, С. Хасенов Астана қаласының ІІД-нің уақытша қамау изоляторына жабылды.

Қазіргі уақытта сот алды тергеу шаралары жүргізілуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар