Шарлапаев “Бәйтерек” холдингінің директорлар кеңесіне қайта оралды

Қаракөз Амантай 25 сәу. 2025 11:30 287

Президенттің көмекшісі  Шарлапаев “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесіне мүше болып сайланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Холдингтің директорлар кеңесі 10 адамнан тұрады. Қанат Шарлапаевпен бірге кеңес құрамына Премьер-министр Олжас Бектенов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Мәди Тақиев, қаржы және экономика саласының өкілдері Ерсайын Нағаспаев, Рустам Қарайғошин және шетелдік тәуелсіз директорлар — Мари-Хелен Берард, Даниэль Алан Витт және Норберт Манфред Грундке кірді.

Еске сала кетейік, Шарлапаев бұған дейін де — 2022-2023 жылдары «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарған тұста директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Ал 2025 жылы Президенттің экономикалық көмекшісі қызметіне кірісті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар