Freedom Inside '26

Севастопольде жанармай сатуға уақытша шектеу қойылды

Севастопольде жанармай сатуға уақытша шектеу қойылды
Фото: rumafia.news

Севастополь билігі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жанармай құю бекеттерінде бензин сатуды тоқтатты. Қала губернаторы Михаил Развожаевтың айтуынша, бұл шешім тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа тәртіпке сәйкес, қоғамдық көлік тек күндізгі уақытта – таңғы 05:30-дан кешкі 21:00-ге дейін қатынайды. Сауда орталықтары, супермаркеттер мен ірі дүкендер кешкі сағат 20:00-де жабылады. Сондай-ақ көшелердегі жарықтандыру жүйесін өшіру жоспарланған.

Ал Қырым аумағында жанармай құю бекеттеріне отын жеткізу толық тоқтатылды. Республика басшысы Сергей Аксеновтың мәлімдеуінше, бензин мен дизель отыны тек мемлекеттік қызметтер мен арнайы құрылымдарға ғана берілетін болады.

Сонымен қатар түбекте электр энергиясына қатысты қиындықтар сақталып отыр. Электр желілеріндегі зақым салдарынан Қырымның бірқатар елді мекендері жарықсыз қалған. Билік тұрғындарды электр қуатын үнемдеп пайдалануға, кондиционерлер мен қажетсіз құрылғыларды ажыратып отыруға шақырды.