Семейлік белсендіні "Оян, Қазақ!" фильмінен кейін сөйлеген сөзі үшін соттағалы жатыр

Dalanews 20 қаз. 2023 05:36 1230

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінен кейін көпшілік алдына шығып сөз сөйлеген семейлік белсендіні соттағалы жатыр деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы "Азаттық радиосының" тілшісі Аян Қалмұрат мәлімдеді.

“Бұл жігіттің есімі — Елдос Досанов. Семейлік белсенді азамат. 4 қазанда «Оян, қазақ!» фильміне барып, «қатты рухтанады».

Фильмнен соң бәрінің алдына шығып сөйлейді.

«Қазақтың жүз жыл бұрынғы тарихы қайталанып жатыр. Билік қазір де қудалап жатыр. Сахараны жүгіріп өткен Марат Жыланбаевты бес айдан бері түрмеде ұстап отыр» дейді.

Екі аптадан соң, 17 қазанда үйіне полицейлер келіп, Елдостың үстінен әлдекім «митингіге шақырды» деп арыз жазғанын айтады. Кинозалдағы сөзі үшін түсініктеме жазып беруді талап етеді. Елдос оған келіспей, жазудан бас тартқан. Енді оны «құқық қорғау орган қызметкерінің заңды талабына бағынбады» деп айыптап, әкімшілік сотқа тартып жатыр”, – деп жазды журналист.

Белсенді өзіне тағылған айыпты пәлцейлер «ойдан құрастырған» деп есептейді.

Елдос Досановтың соты бүгін өтеді. Оған 103 500 теңге айыппұл салынуы не 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

https://dalanews.kz/del-qazir/94219-kreml-kizhinip-zhatyr-qazaqstan-sogys

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар