Семейде заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цех әшкере болды

Көркем Алдабергенова 01 сәу. 2026 09:37

Семейде заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтың қызметін тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу амалдарына сәйкес, Семей қаласының тұрғыны тиісті лицензиясыз алкоголь өндіруді ұйымдастырған.

Орынжайлар мен гараждарда спиртті сумен араластыру арқылы алкоголь дайындалып, кейін танымал брендтердің атауымен шыны бөтелкелерге құйылған.

Өнімге заңды сипат беру үшін алдын ала қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркалары пайдаланылған.

Тінту барысында заңсыз айналымнан «Finsky Ice» және «Сибирские морозы» атауларымен 12 мыңнан астам бөтелке алкоголь, 8 мыңнан аса бос бөтелке, 10 мың литрден астам спирт құрамды сұйықтық, жалған маркалар, сондай-ақ өндіру және буып-түю жабдықтары тәркіленді.

Соттың санкциясымен цех орналасқан жекеменшік үйге, сондай-ақ өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды.

Ұйымдастырушыға қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove