Бүгін «Семей Орманы» табиғи резерваты аумағында орманшыларға жаңа техникалардың кілті салтанатты түрде тапсырылды,– деп хабарлайды Dalanews.kz
Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, облыс әкімі Берік Уәли, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Рамиль Камалов қатысты.
Табиғат қорғаушыларына 26 «JAC» маркалы көліктерінің кілті табыс етілді. Бұл техника орман ішіндегі өрт ошақтарына жылдам жетуге, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Резерваттың автопаркі соңғы жылдары жаңа техникалармен толығуда. Былтыр мекемеге резервтік қор есебінен 10 өрт сөндіру машинасы, 14 УАЗ Патриот және 8 өрт сөндіруші жартылай тіркеме берілді. Бұдан бөлек демеушілер есебінен 20-ға жуық техникаға қол жеткізді.
«Семей орманы» табиғи резерваты басшысының айтуынша, жыл соңына дейін 39 КамАЗ және 10 өрт сөндіруге арналған трактор алынады.