30 мыңға жуық отандасымыздың теріс діни ағымның жетегіне еріп, елімізде емін-еркін жүргені анықталды. Олардың 60 пайызы қара көз қазақтар болып шықты. Еліміздегі дінтанушылар осылай деп дабыл қағуда. Қазақстанда тыйымсалынған халықаралық ұйым өкілдеріне сонау АҚШ-тан түрлі хаттар жіберіліп, бірнеше міндеттер жүктеледі екен. Мұхит асып келген сәлемдемелердің ел тұрғындарына қаупі қандай? Діни ағымға неліктен тоқтау салынбайды?
Саентология – халықаралық ұйымына елімізде заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, олар әлі де жасырын түрде жұмыс істеп келеді. Мәселен, Жаңа жыл қарсаңында олар үйлердің мындай поштажәшіктеріне арнайы әдемі хаттар қалдырған. Ішін ашып қарасаңыз, саентология турасында бүге-шүгесіне дейін жазылыпты. Мақсаты да айқын көрсетілген. Тіпті, хаттың өзі сонау АҚШ-тан, Лос Анджелес қаласынан жіберілген. Ал Сіздәл осы теріс діни ағымға өмір бойы мүше болғыңыз келсе шамамен – 625 мың теңге төлеуіңіз шарт.
Өмірінді өзгертеміз, потенциалыңды ашамыз! Бұл саентологтардың халықты арбау үшін қолданатын негізгі психологиялық құралы. Қазір, бұл ағымға 90 жылдардағыдай үй-үйді аралауға, дінді уағыздауға түбегейлі тыйым салынған. Бірақ, әбден машықтанған үгіттеушілер заңды айналып өтудің түрлі тетіктерін ойлап тапқан дейді дінтанушы.
– Қазір мынау таралып жатырған саентологияны қарасақ, көптеген ұйымның мақсаты адамдардың қаржысына иелік ету ғой. Негізін қалаған Роб Хаббердтің өзінің айтатыны бар, миллонер болғың келсе, дін ойлап тап деген. Сондықтан адамдардың психикасына әсер ету мақсатында, ақшаны табудың жолдарын қарастыру, – ltql3 дінтанушы Кеңшілік Тышқан.
Статистикаға сүйенсек, елімізде осы теріс ағымның 11 шіркеуі тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Бас орталығы Алматы қаласында орналасқан екен. Ал оған шамамен 30 мыңға жуық отандасымыз мүше болыпты. Тіпті, шіркеудегі пастерлерінің өзі қазақтардың арасынан таңда лыпты. – Біздің елімізде таралып жатқан протестандық дәстүрлі емес ұйымдар, кейбір зерттеушілерден сұрағанымда ұйымға кіргендерің 60 пайызға жуығы қазақтар, яғни қазақтар деген мәлімет алдым. Бұл деген өте жаға ұстатарлық үрей. Болашақта біздің діни тұтастығымзға үлкен қауіп төндіруде Тіпті, пасторларқазақтардантағайындалыпжатыр» – дейді дінтанушы Кеңшілік Тышқан.
Ғаламтор беттерін ашып қарсаңыз саентологтар жайлы ақпараттар шаш етектен. Тіпті, танымал Голливуд жұлдыздары бұл ұйымды қолдайтындарын ашық көрсетуде. Осылайша, халықаралық ұйым мүшелерінің қатары 8 миллионға жетсе, әлемнің түкпір-түкіпірінде мыңға жуық орталығын кездерстіруге болады.
«Теріс ағымдардың белгілерінің бірі ақша сұрайтын, ақша беретін болса, одан дереу қашу керек. Теріс ағымның негізгі белгілерінің бірі осы деуге болады. Діннің адам баласына жасау қызметі, ол адамгершілік қасиетін дамыту» – дейді «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов.
Жалпы адамзатқа психологиялық тұрғыдан ықпал ететін ұйымның әрбір курсының бағасы да қомақты. Мәселен, саентологияның табалдырығын алғаш қ аттағандар 32 000 мың теңге төлейді. Ол оған бір жылға тегін түрлі тестіден өтуге, лекцияларды тыңдауға мүмкіндік береді. Мұндай діни ағымға кіргендердің бірі қазақстандық Данил Тылевич. Ол 24 жасында аталмыш топ қакіріп, шамамен 140 мың доллар ақшасын жұмсапты.
– Олар менің ақшамды қайтармақ түгілі, маған қарсы іс-әрекеттер жасауда. Бұл ұйымнан зардап шегушілер өте көп, тек көбісі сотқа барып арызданбайды, – дейді теріс ағымнан зардап шеккен азамат Данил Тылевич.
Елімізде Данил секілді саентологиядан сергелдеңге түскендер көп. Тек сектаның құрсауынан шыға алмай келеді. Ал Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі саентологияның тіпті діни бірлестік ретінде танылмағанын айтады.
– Саентология деген діни бірлестік тіркелмеген. Өйткені, біздің сарапшыларымыз олардың кітаптарынан сараптама жүргізу барсында ол кітаптардың мазмұндарынан діни элементтер жоқ! Онда тек психологиялық элементтер бар. Соның негізінде оны діни бірлестік деп танудан бас тартты, – ҚР Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев.
Халықаралық ұйым адамзатқа аса қауіпті екені белгілі болса да, оның ізбасарлары жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтай әлі де өсіп келеді. Сондықтанда, дінтанушылар самсаған секталар мен сергелдеңде жүргендерден мейілінше абай болуға шақырады.Өйткені, ұйымға кірген кез-келген адам бар жиған тергенінен, әп-сәтте айырылып қалуы мүмкін екенін айтуда.
Гүлнұр ЖАҚСЫЛЫҚОВА, журналист.