Саясат Нұрбек студенттерді көшеден әскерге күштеп алып кету жағдайына пікір білдірді

Қаракөз Амантай 18 мау. 2025 13:00

Кейінге уақытта әлеуметтік желілерде студент атанбаған түлектерді көшеден әскерге күштеп алып кету туралы хабар тараған еді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аталған жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, мұндай жағдай расымен болған.

"Назарбаев университетінің бір түлегі әскери комиссариат тарапынан шақыртылып, әскерге алынды. Бұл заң талаптарына сай жүзеге асты", - деп жауап берді ол.

Ол ЖОО-ға қабылдау кестесінің Қорғаныс министрлігі бекіткен әскери шақыру мерзімдерімен сәйкес келмейтінін атап өтті. Мәселен, Назарбаев университеті студенттерді қабылдау туралы бұйрықты тек шілде немесе тамыз айларында шығарады. Осы уақыт аралығында азаматтың «студент» мәртебесі заң жүзінде бекітілмегендіктен, әскер қатарына шақыруға құқық беретін негіздер сақталады.

"Біз бұл мәселені шешу үшін тиісті ұсыныс жасадық. ЖОО қабылдау кестесін әскери шақыру мерзімдерімен үйлестіру қажет екенін жеткіздік. Біздің қолдауымызбен Назарбаев университеті ертеңінде-ақ студентті қабылдау туралы бұйрықты шығарып, оның мәртебесін нақтылады", - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар