"Нақты мәліметті жарияламаймын". Сәденов Бишімбаев туралы айтты

Қаракөз Амантай 18 мау. 2025 16:26

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың жазасын қай түзету мекемесінде өтеп жатқанын ашып айтудан бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қай колония, нөмірі қандай, қай жерде орналасқанын айтпаймын. Ол – бас бостандығынан айырылған адамдарға арналған мекемеде. Қазіргі уақытта біздің колониялардың бірінде жазасын өтеп жатыр, бірақ нақты қай жерде екенін жарияламаймын", – деді министр.

Министрдің айтуынша, Бишімбаев басқа сотталғандар секілді түрлі жұмысқа, соның ішінде камера тазалауға да тартылады.

Еске салайық, бұған дейін азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған еді. 

Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Бұған дейін де ҚАЖК өкілдері колонияда экс-министр үшін қолайлы орын әлі бос емес екенін, сондықтан жұмысқа тұрмағанын мәлімдеді.

Ал 12 қарашада апелляциялық алқа Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағыммен оның бұрынғы әйелінің талап арызын қарады.

Сот мәліметінше, экс-министр балаларының тегін өзгертуіне қарсы болмады, алайда оны ата-ана құқығынан айырмады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар