"Жұрт азық-түлікті де қарызға алады". Депутат базалық әлеуметтік көрсеткіштерді қайта қарастыруды ұсынды

Кәмшат Тілеухан 18 мау. 2025 15:26

Қазақстандықтар өзге түгілі базалық азық-түлік өнімдерін қарызға сатып алуға мәжбүр. Мемлекеттің экономикалық саясатына қатысты уақыт өткен сайын көптеген сұрақтар туындауда. Халықты нақты қолдаудың орнына бағалар өсіп жатыр, ал сөрелерде отандық тауарлардың орнын импорттықтар басуда. Тіпті, біз картоппен өз-өзімізді қамтамасыз ете алмайды екенбіз.  Мәжілісте азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін осылайша көтерген Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов Үкіметке ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы, азық-түлік себеті сынды базалық әлеуметтік көрсеткіштерді қайта қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Өздеріңізге белгілі, алма бақтарын салуға қанша миллиард қаражат жұмсалғаны, бірақ бүгіндері супермаркет сөрелеріндегі тауарларға көз салсақ, біз поляктың және қытайдың алмаларын көреміз. Ал Қазақстан өнімін кездестірсек, неге екені белгісіз, олардың бағасы импорттан әлдеқайда жоғары болып жатады. Алманы қойшы, біз өзімізді картоппен де қамтамасыз ете алмайды екенбіз, бүгіндері тұтынушыларға Қытайдың картобы ұсынылып жүр", - деді Асхат Рахымжанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутат базалық әлеуметтік көрсеткіштерді қайта қарауды ұсынды: ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы және тұтынушылық қоржының құрамын. Оның пікірінше, қазіргі азық-түлік себеті халықаралық, сол секілді ұлттық тамақтану  стандарттарына да сәйкес келмейді, салдарынан халықтың денсаулығына орасан залал келіп жатыр.

"Біздің азық-түлік себебі халықаралық стандарттарға, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдени және дәстүрлі рационына да жауап бере алмайды және азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіреді. ЖСДП партиясы Үкімет айқындаған ең төменгі азық-түлік өнімдерін негізге ала отырып, ай сайын республика бойынша бағаларға мониторинг жүргізеді. Ол үшін орташа қазақстандық отбасына кемінде 70 мың теңге қажет екен, бұл тек ең қажетті тамақ өнімдеріне ғана қатысты.  Тиісінше, ең төменгі күнкөріс деңгейі 115 710 теңге болуы тиіс", - деп есептейді депутат.

Шенеуніктерге үнем жасап, өмір сүруге үндеу жасалды. Бірақ, әзірге бұл қарапайым қазақстандықтар ғана қатысты жұмыс істеуде. Инфляция өсуде. Азық-түлік, жанар-жағармай, коммуналдық қызметтер тоқтаусыз қымбаттап жатыр.

"Өспей жатқан тек бір нәрсе бар. Ол - бюджет қаражатын бөлу кезіндегі мемлекеттік органдардың халық алдындағы ашықтығы мен есеп беру деңгейі. Бұл халықтың жүргізіліп жатқан реформаларға деген сенімін және бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыруға қатысты азаматтық қоғамның талап ететін басты шарты", - деп санайды депутат.

Бұған дейін мамыр айында елімізде жылдық инфляция жеделдеп, 11,3% болғаны (сәуірде – 10,7%), жылдық инфляция 16 өңірде жеделдегені хабарланған. Сондай-ақ біздің сайтымызда "Біздің жеп жүргеніміз - Қытайдың картобы". Қазақстандікі неге қорларда тығулы жатады?" деген мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар