Атырау облысынан басқа барлық өңірде жалақы өсті

Атырау облысынан басқа барлық өңірде жалақы өсті
gov.kz

Қазақстанда номиналды жалақы барлық дерлік өңірде өсті. Тек Атырау облысында бұл көрсеткіш 5,3%-ға төмендеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Елдегі қызметкерлердің шамамен бестен бірі жұмыс істейтін Алматыда номиналды жалақы небәрі 1%-ға артқан. Орташа айлық жалақы ең жоғары өңірлер қатарында Ұлытау облысы (579 313 теңге) мен Маңғыстау облысы (560 799 теңге) тұр. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (302 116 теңге) және Шымкентте (306 953 теңге) тіркелген.

Былтырмен салыстырғанда номиналды жалақы өсімі:

  • Ақмола облысы - +15,1%
  • Жетісу облысы - +15,1%
  • Алматы облысы - +13,5%
  • Павлодар облысы - +12,9%
  • Астана - +12,1%
  • Қостанай облысы - +11,7%
  • Солтүстік Қазақстан облысы - +11,5%
  • Ұлытау облысы - +11,5%
  • Абай облысы - +11,3%
  • Шымкент - +10,9%
  • Қарағанды облысы - +10,7%
  • Шығыс Қазақстан облысы - +10,3%
  • Жамбыл облысы - +10%
  • Түркістан облысы - +9,2%
  • Ақтөбе облысы - +8,9%
  • Қызылорда облысы - +8,4%
  • Батыс Қазақстан облысы - +7,3%
  • Маңғыстау облысы - +7,3%
  • Алматы - +1%
  • Атырау облысы - -5,3%