Жақсылық Омардың орнына кім тағайындалғаны белгілі болды

Жақсылық Омардың орнына кім тағайындалғаны белгілі болды
gov.kz

Сотталған экс-шенеунік Жақсылық Омардың орнына кім тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Дархан Сапанов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Дархан Сапанов 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.

2007 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "Өнеркәсіптік жылу энергетикасы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Менеджмент" мамандығын игерген. 2022 жылы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында "Іскерлік әкімшілендіру докторы" (DBA) бағдарламасын аяқтаған.

Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті инспекциялау бөлімінің бас маманы, "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның халықпен жұмыс істеу департаментінің инженері, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің сарапшысы қызметтерін атқарған.

2009-2020 жылдары ҚР премьер-министрі кеңсесінде әртүрлі лауазымда еңбек етті. 

2020-2023 жылдары Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

2023 жылғы ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.