Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 518,81 теңгені құрап, бір тәулікте бірден 1,36 теңгеге тағы қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Ұлттық Банктің таңертең бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 517,45 теңге, ал 1 еуро 598,59 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметтері бойынша, еліміздегі ақша айырбастау орындарында бүгіндері 1 АҚШ доллары 519,5-520 теңге, 1 евро 598-605 теңге аралығында сатылып-сатып алынып жатыр.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бүгін тағы шамалы төмендеді.
- ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 0,14%-ға шамалы төмендеп, 1 баррелі 76,34 долларды құрады.
- NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 0,23%-ға арзандап, 1 баррелі 73,13 доллар болды.
Айта кетсек, кеше де доллар қымбаттаған болатын.