Wildberries компаниясының Ресейдегі Краснодар және Ставрополь өлкесінің Невинномысск қаласында орналасқан логистикалық орталықтарына түнде шабуыл жасалды. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Татьяна Ким мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта салалық қызметтермен бірлесіп шабуылдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Тиісті қызметтермен бірге зардаптарды жою бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Алдын ала мәлімет бойынша, өкінішке қарай, зардап шеккендер бар», – деп жазды Татьяна Ким әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ал Wildberries-Russ біріккен компаниясы екі логистикалық нысаннан да қызметкерлердің толық эвакуацияланғанын хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Краснодар мен Невинномысск қалаларындағы логистикалық орталықтардың әрқайсысының аумағы 100 мың шаршы метрді құрайды.