Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі контрабандасы және есірткінің заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапты.
Қыз ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскені анықталған. Бұл әрекет ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда әшкереленді.
Үкім заңды күшіне енді.